Basty bet
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР !!! заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу АКЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ҮНДЕУІ
Қазақстан Республикасы ІІМ-нiң 2019 жылғы 20 наурыз айындағы нұсқауына сәйкес қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, атыс қаруы жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын кылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2022 жылғы 25 сәуiрiнен бастап Жуалы ауданы аумағында халықты заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды (бұдан әрі – қару-жарақ құралдары) сатып алу бойынша акция өткiзіледі.
Мемлекет, азаматтардың өз ерiктерiмен өткізген әрбiр қару мен оқ-дәрiлерге және жарылғыш заттарға бiр айлык есеп көрсеткішінен жүз айлық есеп көрсеткiшiне дейiн (1AEK = 3063 теңге) сыйақы белгілеп отыр, бұл заттарды аймақтық полиция бөлiмдерiнде қабылдайды.
Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еріктерімен өткізген азаматтар әкiмшiлiк және қылмыстық жазаға тартылудан босатылады.
Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігi азаматтардың зақым немесе жарақат алып қалмауы мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, кез келген полиция бөлімдеріне немесе «102» телефонына хабарлауын сұрайды.
IIМ сіздердің осы үндеуді қолдайтындарыңызға сенім білдіреді.
Мына телефондарға немесе келесі мекен жайларға хабарласуларыңызға болады:
Жуалы аудандық полиция бөлiмi (Б.Момышұлы ауылы Рысбек батыр көшесі №84)
ПБ кезекші бөлімі: 2-13-16, 2-04-82, 2-03-00 немесе 102
Дәурен Сапиев,
Жуалы АПБ бастығы, полиция полковнигі