Basty bet

Отбасы дауларын билердің көмегімен шешуге болады

«Билердің көмегімен отбасы дауларын шешуге болатынын жергілікті тұрғындар білгені жөн, сотқа дейін отбасы-тұрмыстық дауды шешуде Билер бар мүмкіншілік жасауға дайын».
Отбасылық даулардың әулет ақсақалдарымен емес, сот арқылы шешілетініне халық әбден үйреніп қалған. Заң отбасы туралы өзіндік түсінігін береді. Отбасы – мемлекет құндылықтарының бірі. Мемлекетті құраушы тұлғалардың өсіп, өркендеуін қамтамасыз ететін жауапкершілік те осы отбасыдан бастау алады. Ал, неке түсінігі – отбасын құрудың негізі болып табылады.
Неке бұзу туралы азаматтық істерді қарағанда, соттың сот мәжілісінде екі жақты татуластыру үшін әрекет жасауға мүдделі, екі жұбайдың аңсар көңілдерін, олардың талап-тілектерін егжей-тегжейіне дейін зерттеп, не олардың некесін айыру қажет, не алты айға дейін екеуін татуластыру мақсатын көздеп, мерзім береді. Жұбайлардың жанұясын сақтап калуы үшін, олардың кәмелетке толмаған жас бүлдіршін балаларын тірі жетім қылып қалдырмас үшін, сот бар мүмкіншілікті қолдануға тырысады.
Сот мәжілістерінде некені бұзу жайлы істерді қарағанда, ондай азаматтық істерді зерттегенде, сот мұндай жағдайдың себептерін анықтауға тырысады. Ерлі-зайыптылардың жас бүлдіршін, бөбектерінің қамы үшін, оларды жарастыру, татуластыру мақсатында, үлгі-өнеге айтып және жауапкершіліктерін түсіндіруге тырысамыз. Балаларының алдындағы, ел-жұртының алдындағы борышын түсініп, райынан қайтып, жарасып кеткен жастар аз емес.
Отбасы шырқының бұзылуы, екі жұбайдың шаңырақтарының құлауы материалдық жағдайдың төмендгі, жұмыссыздықтың болуы негіз емес деп айтқым келеді, өйткені отау құрған екі жас барлық жағдайда бір-біріне қолдау көрсететініне ант береді. Отбасы ол – мемлекет, екі жақ бір-бірін қолдамаса мемлекет ыдырайды, болашағы болмайды.
Елімізде «Медиация туралы» Заңын қолданып ауылдың беделді ақсақалдары яғни «Билер» отбасында болып жататын дау дамайларды шешуде үлкен тәжірибелері бар.
Қоғамымыздағы неке және отбасына қатысты даулардың өршуі – ар-ұят пен әдепті бойына ана сүтімен сіңіріп өскен қазақ халқы үшін өте өзекті мәселе.
Сол себептен, қорытындылай келе, отбасы дауын сотқа жеткізбей ең біріншісі көпті көрген Билерге жүгініп, олардың ақыл кеңестерін алып, қара шаңырақты бұзбауға тырысқандарыңыз жөн дегім келеді.
Аудан тұрғындарына: Отбасы-тұрмыстық дауды шешу бойынша Билер кеңесінің төрағасы Мұратқали Рахметовке жүгінуге болады. тел: 87774306705.

Ирина Қожабаева,
аудандық сот кеңсесінің
бас маманы.
Сот отырысының хатшысы

Таңдаулы материалдар

Close