Basty bet

Заңсыз өткізілмекші болған жүктер мен оқ-дәрілердің жолы кесілді

 

2022 жылғы 30 қазанда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Меркі ауданында орналасқан «Сыпатай батыр» өткізу пункті арқылы Қырғызстан Республикасы бағытына «ТОҮОТА АLРНАRD», «ТОҮОТА СRОWN», «ТОҮОТА СROWN HUВRID» және «НОNDА STEPWGN» маркалы автокөліктерінің заңсыз өткізу дерегін анықтады.
Сонымен қатар, Жамбыл ауданында орналасқан «Айша бибі» өткізу пунктінде 2022 жылғы 31 қазанда Қырғызстан Республикасына 86 дана аңшылыққа арналған оқ-дәрілерді заңсыз өткізбекші болған Қазақстан Республикасының азаматы анықталды.
Құзыретті органдармен заңбұзушыларға қатысты шара қолданды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

Таңдаулы материалдар

Close