Basty bet

КӨШПЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

Өткен жылдың 23 желтоқсан күні Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Ермек Момбаев кезекті көшпелі жиынын Жуалы аудандық Өртке қарсы қызмет гарнизонының жеке құрамымен өткізді. Көшпелі жиында ТЖД бастығы, полковник Е.Момбаев Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттары, жыл қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарына қорытынды шығару, Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және қызметкерлердің мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді.
Көшпелі жиынды Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Ермек Момбаев ашып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Жолдауы ел өміріне серпіліс беретін жағымды жаңалықтарға толы, халықтың өмір сүру сапасын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған жолдауы туралы кеңінен түсіндірді. Сондай ақ, барлығымыздың көкейімізде жүрген жалақы мәселесі де оң шешімін тапқанын айтты. Келесі мәселе бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізуді күшейтуді ұсынды.
Келесі сөз кезегі Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ә.Абсатовқа берілді. Ол өз кезегінде қызметкерлердің әскери-қызметтік тәртібіне тоқталып, «Әдеп кодексінің» талаптарын сақтау, жеке автокөліктерімен жол жүргенде жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтап жүру, ішімдік, құмар ойындары сияқты әдеттерден бойын алшақ ұстау қажет екенін айтты.
Көшпелі жиынның соңында ТЖД бастығы полковник Е.Момбаев қызметкерлерді толғандырып жүрген әлеуметтік, тұрмыстық және отбасылық мәселелерімен жеке қабылдау өткізді.

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және
№7 Өрт сөндіру бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close