Basty bet

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада

Бауыржан Момышұлы ауылындағы Спорт кешенінде Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.
Спартакиаданың мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, командалық рухты, мақсатқа ұмтылушылықты, ерік-жігерді, табандылыққа және жеңіске деген ұмтылысқа тәрбиелеу.
Іс-шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің міндетін атқарушы Асхат Жабағы, аудан әкімінің орынбасары Рақымғазы Құниязов, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов, жарыстың бас төрешісі Болат Жанабаев қатысты.
«Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметші – бұл өз ісінің кәсіпқой маманы ғана емес, ол ең алдымен өз денсаулығына тиісті назар аударуды қажет ететін адам, өйткені дені сау мемлекеттік қызметші – тиімді мемлекеттік қызметші екені белгілі.
Спартакиадаға қатысушылардың қатары жылдан-жылға артып келе жатқаны көңіл қуантады.
Жарыс болған соң жеңіс те, жеңіліс те болады. Бастысы, бұл жерде мемлекеттік қызметшілердің арасындағы бірлікті арттыру», – деді Асхат Жабағы шараның алғы сөзінде.
Биылғы спартакиадаға құрамында 200-ге жуық мемлекеттік қызметшісі бар 8 команда қатысты. Олар асық ату, садақ ату, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, бильярд, қазақ күресі, шағын футбол, арқан тарту сияқты 8 спорт түрлерінен өзара күш сынасты.
Спартакиада қорытындысы бойынша Жуалы ауданының үздіктері жасақталып, 8-9 маусым күндері аралығында Тараз қаласында өтетін облыстық спартакиадаға қатысуға жолдама алды.

“Жаңа өмір”-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close