Basty bet

Сала қызметкерлері волейбол ойнады

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні және Қазақстан полициясы күні, сондай-ақ 24 маусымдағы Судья және сот қызметкерлері күні кәсіби мерекелеріне орай волейболдан аудандық ашық турнир өткізілді.
Аудан орталығындағы Спорт кешенінде ұйымдастырылған сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Рақымғазы Құниязов, аудандық соттың төрағасы Бабырхан Абуев және аудан прокуроры Ильяс Тойшыбеков сөз сөйлеп, сала қызметкерлерінің арасында өткізіліп отырған достастық кездесудің маңыздылығына тоқталып, кәсіби мереке иелерін айтулы мерекелермен құттықтады.
Турнирдің негізгі мақсаты – мемлекеттік орган қызметкерлерінің арасында саламатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және кәсіби мерекелерді спорт арқылы атап өту.
Жарыста Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімшесі, аудандық сот, аудандық прокуратура, аудан әкімінің және мәслихаттың аппараттары, ауылдық округтердің әкімшіліктері мен бөлімдер, аудандық қазынашылық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарынан құралған барлығы алты команда өзара бақ сынасты.
Тартысқа толы болған жарыста I орынды ҰҚК-ның аудандық бөлімшесі, аудандық сот және аудандық прокуратураның командасы иеленді. Ал II орынды ауылдық округтер әкімі аппаратының қызметкерлерінен құралған команда иеленсе, жүлделі III орынды аудан әкімі аппаратының командасы қанағат тұтты.
Жарыс қорытындысында үздік ойын өрнегін көрсеткен командалар арнайы кубок, медаль, Диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Рәтбек КӨСЕМБАЕВ,
аудан әкімі аппаратының басшысы.
Әдеп жөніндегі уәкіл

Таңдаулы материалдар

Close