Basty bet

Өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланды

Құрметті аудан тұрғындары! Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі 2023 жылғы 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі айлығы өтетіні туралы хабарлайды.
Тұрғын үйлердегі өрт оқиғалары көбінесе сол үйлерде тұрып жатқан тұрғындардың салғырттығынан болып жатады. Сұрапыл апатты кұбылыс жылдар бойы жиылған мүліктерді аяусыз жойып, адамдарға қайғы-қасірет әкеледі. Көбінесе оттың құрбаны болып өртке себепші өздері немесе олардың көршілері, балалары болып жатады.
Статистика бойынша тұрғын үй мен пәтерлерде өрттің шығуына негізгі себептер: тұрмыстық электр және газ аспаптарын пайдалану кезінде, пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, мас күйінде темекі тарту салдарынан, сонымен қатар электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбегендіктен болып отыр. Егер Сіздің үйіңізде немесе пәтеріңізде электр өткізгіш сымдарына және электр аспаптарына зақым келсе, тез арада электр маманын шақырыңыз.
Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы Б. Момышұлы ауылы 2-13-84, Көлтоған ауылы 5-30-01 немесе 101-нөмірлеріне хабарласыңыз.
Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау – Сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайды!

Аудандық ТЖБ және
аудандық №7 Өрт
сөндіру бөлімі

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close