Basty bet
Сібір жарасының алдын алу туралы халыққа арналған жаднама
Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді: топырақта ол ондаған жылдар бойы сақтала алады. Ауру жеке органды ғана емес, тұтас ағзаны да зақымдайды. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, қойлар, ешкілер, түйелер және т.б. Ауырған жануардың зәрі мен нәжісінде ауру қоздырғышы анықталады. Аурудың негізгі жұғу жолы – су арқылы, жем арқылы.
Адам ауру жануарлардан, мал сойғанда, малға күтім көрсеткенде, асқа ауру малдың етін, сүтін қабылдағанда, споралары бар терісін қолданғанда жұқтырады. Аурудың формасына байланысты адамда дене қызуының көтеріліуі, тері жарасы, ісіну; ауыр формаларында қанды іш өту және құсу, ішінің ауыруы, өкпе аурулары, жүрек әлсіздігі пайда болады. Емдеусіз ауру өліммен аяқталады.
Алдын алу шаралары:
– Сібір жарасынан қайтыс болған мәйіттердің көмген орындарын анықтау, есепке алу және залалсыздандыру шаралары, сібір жарасы бойынша қолайсыз аймақтардағы жануарлардың екпесін жүргізу.
– Сібір жарасын жұқтырған немесе күдіктелген жануарларды дереу оқшаулау.
– Қолайсыз тұрғын аймақтарынан жануарлардың әкелінуі мен әкетілуін, ет, сүт және тері шикізаттарының шығарылуын болдырмау.
– Барлық күдікті жағдайлар және малдың қырылуы жайлы дереу түрде ветеринарлық мекемелерге ақпарат беру.
– Малдың қасапалды тексеруіне ветеринарды міндетті түрде шақыру.
– Сібір жарасын жұқтыру қатері бар адамдарды сібір жарасына қарсы егу.
– Мәжбүрлі қасап ету кезінде еттің және басқа өнімдердің қауіпсіздігін растау үшін міндетті түрде лабораториялық зерттеулер өткізу қажет. Үй жағдайындағы қасапта терілерді, тері шикізатпен айналысатын мекемелерге өткізу алдында, оларды сібір жарасына лабораториялық зерттеуден өткізу қажет
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
Өзіңіздің денсаулығыңызды қауіп-қатерден сақтау үшін тағамға қолданылатын мал өнімдерін, оларды өңдеуден өткізу тек қана ветеринардың сараптамасынан кейін ғана қолданғаныңыз жөн!
Сараптамадан өткен етті сатып алсаңыз да, өзіңізге ереже етіңіз: етті үйде қолғаппен бөлу керек, тақтай, пышақ тек қана шикі етке ғана арналған болуы керек. Оларды ыстық сумен кір сабынмен жуып, қайнаған сумен шайыңыз.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда міндетті түрде тез арада медициналық көмекке жүгініңіз. Себебі ем неғұрлым ерте басталса, нәтижесі де қолайлы болады.
Есте сақтаңыз: сібір жарасы аса қауіпті жұқпалы аурулардың қатарына жатады.
Еркежан Әмірова,
аудандық орталық аурухананың эпидемиолог дәрігері