Basty bet
Құрметті көлік иелері!
– әр бір көлік құралы көлемі 2 литрден кем емес жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс. Бұл жағдайда өрт сөндіргіштің құрылғысын білу және оны қолдана білу керек.
– автокөлік тораптары мен механизмдерін жарамдык үйде ұстаңыз;
– аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядтауға жол бермеңіз.
Егер сіздің автокөлігіңіз қозғалыс кезінде жанса, өрт кезінде автокөлікте келесі тәртіп ережелерін сақтаңыз:
– көлікті тоқтатыңыз;
– қозғалтқышты өшіріңіз;
– капоттың құлпын босатыңыз, бірақ қолыңызда алғашқы өрт сөндіру құралдары болғанға дейін капоты ашпаңыз;
– барлық жолаушыларды шығарыңыз;
– өртке қарсы қызметке «101» телефон нөмірі бойынша немесе «112» құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз;
– егер қауіпті болмаса, көлікте бар өрт сөндіргішті пайдалануға тырысыңыз;
Өрт сөндіру кезінде мотор бөлігінде суды пайдаланбаңыз, себебі бұл электр өткізгіштің қысқа тұйықталуына немесе жанып жатқан бензиннің таралуына және жану алаңының ұлғаюына әкелуі мүмкін.
Құрметті автокөлік иелері, өртті сөндіргеннен гөрі алдын алу оңай екенін ұмытпаңыз!
Жуалы ауданы ТЖБ және №7 өрт сөндіру бөлімі