Basty bet
Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда
Аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметованың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы болды.
Күн тәртібінде алдымен аудандық полиция бөлімінен келген іс-құжаттар бойынша мәселелер қаралды.
“Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу” және “Бала құқықтарын қорғауды күшейту және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, жасөспірімдер арасында суицидтік мәселелерін шешу жөніндегі жол картасын іске асыру туралы” Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің басшысы Б.Шертаеваның есебі тыңдалды.
Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағытында атқарылған шаралар туралы №29 М.Жұмабаев атындағы орта мектептің директоры М.Бейшенов пен №30 Көктөбе орта мектебінің директоры М.Сарманов есеп берді.
Комиссия төрағасы білім бөлімінің басшысына “Мейірім” жобасы бойынша жұмыстарды пысықтауды, мектеп оқушылары арасында өткен сауалнаманың қорытындысы бойынша жұмысты қорытындылауды, оқушылардың жан-жақты қауіпсіздігі туралы іс-шаралар жоспарын жасап, онымен ата-аналарды таныстыруды тапсырды.
№29 М.Жұмабаев атындағы орта мектеп пен №30 Көктөбе орта мектебінің директорларына аталған бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдіру тапсырылды.
“Жаңа өмір”-ақпарат