Qoǵam

Кеңес мүшелері редакция тынысымен танысты

Кеше ауданда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі іс-шарасы өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Руслан Шарипов бастаған кеңес мүшелері бірқатар мекемелерде, ауылдық округтерде, №15 Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейде, “Ардагерлер үйінде” болып, жұмыс барысымен танысты, зиялы қауым өкілдерімен, оқушылармен кездесіп, азаматтармен жеке қабылдау жасады.
Кеңес мүшелері “Қазақстан” РТРК” АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Гүлбаршын Құланбаева мен белгілі журналист, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Оралхан Дәуіт аудандық газеттің редакциясына келіп, редакция ұжымымен, жұмысымен, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.
Дәуірмен үндес, заманмен сырлас басылым “Жаңа өмір” газетінің жарық көргеніне биыл сәуір айында 90 жыл толып отыр. Маусым айында Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында мерейтойын атап өткелі отырған басылымның мемлекеттің ақпараттық саясатын аудан деңгейінде жүргізудегі еңбегі, арқалар жүгі ауыр. Бұқаралық ақпарат құралдары – билік пен халықтың арасындағы алтын көпір. Сондықтан аудандық газет редакциясының шығармашылық ұжымы барынша сапалы, мазмұнды дүние шығару жолында тынымсыз еңбек етуде.
Аудандық басылымның бүгінгі материалдық, шығармашылық әлеуетінің заман талабына сай болуы ол әрине аудан басшылығының киелі шаңыраққа деген көмек-қолдауына, оң көзқарасына тікелей байланысты. Осы тұрғыда аудандық басылымның ұжымы мен оқырмандарының атынан аудан басшылығына алғысымызды білдіреміз.
Әріптестеріміз Оралхан Әбдірашұлы мен Гүлбаршын Қайратқызы жалпы еліміздегі мерзімді басылымдардың бүгінгі жағдайы туралы әріптестік ой-пікірлерімен бөлісіп, редакциядағы жағдай мен жүйелі жұмысқа ризашылықтарын білдірді.
Перизат Шымыртайқызы,
“Жаңа өмір”

Таңдаулы материалдар

Close