Basty bet
Табиғат, жер-ана. Табиғатты өрттен сақтайық!
Орман, дала және таулы аймақ Қазақстанның маңызды ұлттық байлықтарының бірі болып табылады, онда үнемі өрттен зақымдану қаупі бар. Өрттің пайда болу себептері: табиғи және антропогендік болып бөлінеді.
Орман, дала алқап өрттерінің ең көп таралған табиғи себебі-найзағай разрядтары.
Жасыл желектер көп өскен жас ормандарда найзағайдан өртену ескі ормандарға қарағанда әлдеқайда төмен. Ескі ормандарда көптеген құрғақ бұтақтар мен көпжылдық ағаш, құрғақ табиғи шөптесін төсеніштері бар жерлерде – өртену қаупі жоғары.
Жаз мезгілі аптап-ыстық, жауын-шашынның болмауы дала, орман алқабтарында жоғары өрт қауіпті жағдайын туғызады. Орман, дала алқаптарында және табиғи қураған өсімдіктер зеңбірек сияқты, кез-келген ұшқыннан өртене алады.
Сондай-ақ, орман өрттерінің тағы бір себебі: адамдардың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген сіріңкелер немесе темекі тұқылдары, шыны-шөлмектер, сөндірілмеген оттан және өрт қауіпсіздік санитарлық ережелерін сақтамай дала алқап егістіктерінде өртеу жұмыстарын жүргізгенде, техникалардың отұшқын басқыш (искрогаситель) болмауы өрт ошағын туғызады.
Аграрлық сектордың өкілдері мен қорыққа жақын орналасқан шаруа қожалық иелері кейде жануарлардың, құстардың, өсімдіктерге тигізер зияны, өрт табиғи апаттың салдары туралы ойламай, ескі өсімдік жамылғысын (шөптерді) өртейді. Сол арқылы өрттен табиғатқа зиян келтіреді. Ерекше қорғалатын табиғи аумқтарда жасалған әрекет үшін кінәлі тұлға Қазақстан Респубилкасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 367-бабы 3-тармағына сәйкес жеке тұлғаларға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш, яғни 369200 теңге; лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш, яғни 923 000 тенге; орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш, яғни 1 476 800 тенге; iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткіш, яғни 5 538 000 теңге мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сондықтан орманда өрт қаупі бар кезеңде өрттің алдын алу мақсатында:
– ашық отты пайдалануға, жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын лақтыруға;
– майланған немесе сүртілген жанғыш материалды тастауға;
-шыны шөлмектер мен қоқыс қалдықтарын тастап кетуге;
– орман, дала алқаптарында от жағуға тыйым салынады.
Құрметті қонақтар мен Жуалы ауданының тұрғындары, “Ақсу-Жабағылы” мемлекеттік табиғи қорық аумағы мен оның күзет аймағында оттан абай болыңыздар!
Таслимшах Бұрылбай,
аудан әкімінің бас инспекторы
Фархад Абилов,
“Ақсу-Жабағылы” мемлекеттік табиғи қорығының
Орман өрт сөндіру станциясының басшысы