Basty bet

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНА – 10 ЖЫЛ

14 тамыз – Мемлекеттік кірістер органының құрылған күні. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1991 жылы 9 шілдеде Қазақстан Республикасында салық органдары құрылған болатын. Елімізде Салық инспекцияның құрылуы осылай басталған.
1991 жылы аудан бойынша салық инспекциясы құрылған кезде алғашқы штат саны 12 қызметкер болатын. Инспекцияның басшысы болып марқұм Сайлау Баетов бекітілген.
2014 жылы 14 тамызда салық органымен кедендік бақылау органының бірігуіне байланысты аудандағы орган Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті болып қайтадан құрылады.
Жуалы ауданы бойынша салық органдарын әр жылдары білікті басшылар, өз ісінің хас шеберлері басқарған. Бұл үлкен шоғырдың көш басында қаржы саласының үздігі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы – Жарас Мұратайұлы да бар.
Мекемені әр жылдары Жайықбай Керімбеков, Асқарғазы Абжанов, Гүлмира Құндызбекова, Мейірбек Танагөзов, Саят Тұрымов, Мұқтар Тіленшиев, Дәулет Жігітеков сынды салық саласының білгірлері басқарған.
2021 жылдың ақпан айынан бастап аудандық мемлекеттік кірістер басқармасын Ардақ Асқарова басқарып келеді. Ардақ Тоқсанбайқызы білікті маман. Салық органдарында 31 жыл қызмет атқарып, тәжірибе жинаған. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер комитетінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы үш бөлімнен есепке алу, талдау, құқықтық және ұйымдастыру, салық төлеушілермен жұмыс бөлімі, салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінен штаттық саны 13 мемлекеттік қызметкерлерден тұрады. Атап айтқанда; бір басқарма басшысы, үш бөлім басшысы, сегіз бас маман және бір жетекші маман және келісім шарт бойынша бір іс-жүргізуші, бір архиварист жұмыс жасайды. Басқармада салық органдарында 34 жылдан аса қызмет атқарып келе жатқан білікті маман, бөлім басшысы Жанәділ Рахимбердиев, 24 жылдан астам қызмет атқарып келе жатқан маман, бөлім басшысы Ерғали Нартаев және бас маман Нұрғали Ералиевтың ізін басып келе жатқан жас қызметкерлер де бар.
Басқарма құқығындағы бір қабатты ғимарат бар. Жұмыс бөлмелері жиһаздармен, компьютермен және басқа да керекті құралдармен толықтай жабдықталған.
Басқарма мемлекеттік бюджеттің болжамның және түсімнің өсу қарқынының орындалуын қамтамасыз ету, камералдық бақылау жұмысын әкімшілендіру, қосымша салық көздерін анықтау арқылы түсім көлемін ұлғайту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, артық төлемдерді азайту, берешек сомаларды төмендету, борышкерлер санын азайту бағытында жұмыс атқаруда.
Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2024 жылдың 8 айды жақсы көрсеткіштермен аяқтағалы отыр.
2024 жылдың 8 айында Мемлекеттік бюджеттің болжам сомасы 3951 456,9 мың теңге болса, 12 тамызға дейінгі жағдай бойынша бюджетке нақты түскені 3 844 758,8 мың теңге, орындалуы 97,3 пайыз. Тамыз айының соңына дейін болжам сома толық көлемде орындалатын болады.
2023 жылдың 8 айымен салыстырғанда бюджетке түскен салықтың өсу деңгейі 103,3 пайыз немесе 122 299,4 мың теңге артық түсіп отыр .
Бұның ішінде, республикалық бюджеттің салықтық түсімдер бойынша болжам сома 1 020 477,0 мың теңге болса, бюджетке түскені 703 740,7 мың теңге, орындалуы 69,0 пайызды құрап отыр. Болжам сома ай соңына дейін 100,0 пайыз орындалады.
Жергілікті бюджеттің салықтық түсімдер бойынша болжам сомасы 2 930 979,9 мың теңге болса, бюджетке түскені 3 141 018,1 мың теңге, орындалуы 107,2 пайызды құрап отыр.

Лаура МҰСАБЕКОВА,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close