Basty bet

Сайлау заңдылықтары толықтай қамтамасыз етілді

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрзия Алтыбаевамен сұхбат:

-Нұрзия Бақторазқызы, 2025 жылдың 18 мамырында өткен Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына дайындық кезеңінде қандай іс-шаралар өткізілгені туралы қысқаша мәлімет берсеңіз?
-Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауыл әкімдерінің сайлауына жалпы дайындық пен өткізу жұмыстарын комиссияның «Жуалы ауданы Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» 2025 жылғы 9 сәуірдегі №2 қаулысымен бекітілген Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес жүргізілді.
Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтері әкімдігіне 2025 жылғы 10 сәуірінен бастап, 22 сәуіріне дейін 14 кандидат ұсынылды, әртүрлі себептермен 5 кандидат бойынша тіркеуден бас тартылды және тіркеу туралы шешімдер жойылды. 2025 жылғы 16 мамыр жағдайы бойынша 9 кандидаттың деректері сайлау бюллетеньдеріне енгізілді.
Кандидаттардың сапалық құрамы келесідей анықталды: ерлер 8 немесе 88,9 % әйелдер 1 немесе 11,1 %. Орташа жастары – 34, барлығы қазақ, білімдері жоғары, партиядан ұсынылғандар – 2 немесе 22,2 %, өзін-өзі ұсынғандар – 7 немесе 77,8 %.
Сайлауды ақпараттандыру жұмыстары бойынша аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетіне 6 хабарлама, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына 7 хабарлама, Facebook әлеуметтік желіге 10 хабарлама орналастырылды, 3 сайлау округіне қатысты елдімекендерде 12 ақпараттық баннер ілінді.
Сайлау комиссияларының құрамы мен инфрақұрылымына келсек, сайлаудағы жұмысқа аудандық аумақтық комиссиясының 7 мүшесі және Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ сайлау округтеріне қарасты 8 учаскелік комиссиясындағы 46 комиссия мүшесі тартылып, учаскелік сайлау комиссиялары сапалы интернет желісімен, байланыс көздерімен, электр қуатымен, ауызсумен және медициналық көмек көрсету кабинеттермен қамтылды.
Сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау бюллетеньдерді сақтау және қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында аудандық полиция бөлімі жеке құрамының 20 қызметкері жұмылдырылды.
Кандидаттардың сайлауалды үгіт жұмыстары Сайлау туралы Заңның талаптарына сай жүргізілді.
УСК мүшелерін оқыту жұмыстарына тоқталсам, ағымдағы жылдың 14 мамыр күні аудандық “Достық” мәдениет үйінде «Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ сайлау округ әкімдерінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ сайлау округтерінің №183, №184, №185, №190, №191, №192, №196, №197 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинары өткізілді. Семинарда өткен тақырыптар бойынша тестілеу жүргізілді.
Сайлаушылармен қандай жұмыс жүргізілгені туралы айтсам, дауыс беру күніне 20 күн қалған кезде, яғни ү.ж. 27 сәуірінде учаскелік сайлау комиссияларына сайлаушылардың тізімдері таратылды және дауыс беру күніне 15 күн қалғанда, сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерімен танысу үшін сайлаушыларға олар сайлау учаскелерге келген бойда аталған тізімдер ұсынылды. Ү.ж. 2025 жылғы 8 мамырына дейін учаскелік сайлау комиссиялардың мүшелері тарапынан сайлаушыларға шақыру қағаздары таратылып, сайлаушыларға дауыс беруге қатысу арқылы белсенді азаматтық позицияларын көрсетуге шақырылды. Шақыру қағаздарында көрсетілген QR-кодқа кандидаттар туралы сайлаушыларға арналған ақпарат енгізілді.
Аудандық аумақтық сайлау комиссия тарапынан «Сайлау учаскелері қажетті жабдықтармен сайлау учаскелерін жарақтандыру бойынша нұсқаулыққа» сәйкес, барлық 8 сайлау учаскесі жасырын дауыс беруге арналған кабиналармен, стационарлық және тасымалданатын урналармен, ақпараттық тақтайшалармен, кеңсе тауарларымен, журналдармен, күнтізбе-баннерлермен, кандидаттар туралы ақпараттық плакаттармен қамтылды.
Сонымен, Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтеріне қарасты 8 учаскелік сайлау комиссиясы сайлау күніне толықтай дайын болды.
-Дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссияларының іс-әрекеттері туралы қысқаша айтып бергеніңіз артық болмас.
-Сайлау туралы Заңының талаптарына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиялары дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда, яғни 2025 жылғы 18 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де, дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашты және жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін дауыс беруді өткізді.
Сайлау күні учаскелік сайлау комиссиялары әдеттегідей сайлауға бірінші болып келген сайлаушыларға сыйлықтар беруді ұйымдастырды.
Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтер әкімдерін сайлауына сайлаушылардың дауыс беруге қатысу деңгейі жалпы 68,61 пайызды құрады.
-2025 жылдың 18 мамырында өткен Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары қандай болып белгіленді?
– Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауыл әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы хабарламаны комиссияның интернет-парақшасына 2025 жылдың 19 мамырында орналастырды. Ал аудандық газет бетіне 2025 жылдың 20 мамырында жарияланған болатын. Дегенмен, бұл маңызды ақпаратты қайталап берсек, артық болмас.
Боралдай ауылдық округі бойынша кандидаттардың жалпы саны – 3 адамды құрады.
Сайлау қорытындысымен Боралдай ауылдық округінің әкімі болып Абдалиев Бауржан Нургалиевич сайланды.
Бауржан Абдалиев 1988 жылы туған, сайланғанға дейін Боралдай ауылдық округінің әкімі болған.
Қарасаз ауылдық округі бойынша кандидаттардың жалпы саны – 3 адамды құрады.
Сайлау қорытындысымен Қарасаз ауылдық округінің әкімі болып Жанар Нурмураткызы сайланды.
Жанар Нурмураткызы 1986 жылы туған, сайланғанға дейін Қарасаз ауылдық округінің әкімі болған. Мыңбұлақ ауылдық округі бойынша кандидаттардың жалпы саны – 3 адамды құрады.
Сайлау қорытындысымен Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Мырзалиев Жанибек Амангелдиевич сайланды.
Жанибек Мырзалиев 1985 жылы туған, сайланғанға дейін Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
-Әңгімеңізге рақмет.
Сұхбаттасқан
Лаура Мұсабекова,
“Жаңа өмір”

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close