Basty bet
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында цифрландыру қажет
Ұлттық құндылықтың негізгі күретамыры – оның мемлекеттік тілі.
Заман талабына сай тіл де жаһанданудың үрдісіне ілесіп, дамып отыруымыз талап болып тұр.
Қазақ тілінің күнделікті қолданысын зерттеп, өткенін саралау керек.
Қазақ тілінің заманауи тіл, қоғамның қазіргі сұраныстарына жауап беретін тіл болуы үшін оның цифрлық кеңістіктегі қолданыс сапасы жоғары және контенті кең болуы керек.
Ол үшін ең алдымен әдеби тілде тіл қататын, ауызша және жазба қазақ тілін түсінетін, соған сәйкес жауап бере алатын ақылды қосымшалар, қазақ тілді жасанды интеллекті қажет.
Осыларды жасау үшін ең бірінші, қазақ тілінің өзін цифрландыруымыз керек.
Қазақ тілінің энциклопедиялық ақпарат беретін құралы керек болса qazcorpus.kz деген сайт арқылы біліміңізді жоғарылатуға мүмкіншілік бар.
Тіл білімі институты – қазақ тіл ғылымы деген ғылымның бір саласының жан-жақты әрі әлемдік талаптарға сай дамуына жауап береді, әлемдік лингвистиканың бір тармағы саналатын қазақ тіл ғылымын сол әлемдік лингвистикадағы барлық тың бағыттары бойынша дамуына үздіксіз үлес қосып келе жатқан бірден бір ғылыми мекеме.
Жасөспірімдерге ғылыми контент қажет.
Иә, қазіргі ұрпақтың тілінің жұпыны болып бара жатқанын тек қазақ ғалымдары ғана емес, дамыған елдердің ғалымдары да көтеріп отыр. Бұл жаппай қарқын алған құбылыс.
Оларды смартфон, интернет, әлеуметтік желі тәрбиелеп жатқаны өтірік емес. Ал смартфондағы ақпарат тек вербалды түрде жүзеге аспайды, көбіне визуалды түрде беріледі.
Тіл халықтың мәңгі жасауының көрінісі екенін барлығымыз жақсы білеміз.
Ата Заңда «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деп жарияланған. Яғни, ол – тек қазақтардың ғана емес, этнос өкілдерінің де мемлекеттік тілі.
Қорытындылай келе, әр адамның азаматтық қасиеті – өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюмен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенеді. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметпен қарап бірлесе дамытуымыз қажет.
Мемлекеттік тілде сөйлеу арқылы санамыздың бір түкіпірінде жатқан өткен тарихқа деген көзқарасымызды түзейміз, келешекте ұрпақтар осы игі ісімізге өз бағасын береді дегім келеді!
Жуалы аудандық
сотының төрағасы
Бабырхан Абуев