Basty bet

Бүгін №473 сайлау учаскесіне көптеген жас отбасылар келіп, ел болашағы үшін өз даусын берді. Кішкентай қонақтар да назардан тыс қалмады – әр балаға ойыншықтар табысталды.
Ата-аналар балаларымен бірге дауыс беру арқылы сайлаудың маңызды екенін көрсетті. Учаске қызметкерлері келушілерді жылы жүзбен қарсы алып, барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етті.
Балаларға арналған ойыншықтар сайлау процесін балалар үшін де қызықты әрі есте қаларлықтай етті. Осындай шара арқылы №473 сайлау учаскесінде отбасылардың қатысуы мен азаматтық жауапкершілік ерекше көрініс тапты.

Таңдаулы материалдар

Close