Basty bet

Айдарбек Сапаров Жамбыл облысындағы қант саласының дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу барысымен танысты

2026 жылғы 17-18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы, қант өндірісін жаңғырту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытындағы жұмыстарды зерделеді. Сондай-ақ аграршылармен кездесіп, саланы дамытудың өзекті мәселелері мен мемлекеттік қолдау шараларын талқылады.

Сапар барысында министр Тараз қант зауытындағы ауқымды жаңғырту жұмыстарының барысын көрді.

Кәсіпорын 2001 жылдан бері қант қызылшасын өңдемей, негізінен қамыс шикізатымен жұмыс істеп келген. 2025 жылы отандық қант қызылшасын қайта өңдеуді жандандыру және өндірістік қуатты арттыру мақсатында зауытты жаңғырту басталды.

Жобаның инвестициялық құны – 12,4 млрд теңге. Жаңғырту жұмыстарын 2026 жылғы қазан айында аяқтау жоспарланған.

Жоба іске асқаннан кейін кәсіпорын тәулігіне 3 мың тоннаға дейін, жылына 300 мың тоннаға дейін қант қызылшасын өңдей алады. Алдағы кезеңде өндірістік қуатты жылына 700 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Таңдаулы материалдар

Close