Basty bet

Аудан әкімі Нарбай Ергебековтың ҚҰТТЫҚТАУЫ

Қымбатты аудан тұрғындары!
Сіздерді Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық көрегендігімен бас қала атанған, ажары кіріп, айбыны асқақтаған Елорда елдігіміздің бойтұмарына айналды, тұрақты дамудың, өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы саяси көшбасшылар, іскерлік серіктестер мен инвесторлар, діндер мен конфессия өкілдері, зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын орны, шығармашылық жоспарларды, инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңы болып қалыптасты.
Биылғы Елорда күні мерекесі Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойымен қатар келіп отыр. Еліміз осынау қос мерейлі датаны жаңа жетістіктермен, тың күшпен, шалқар шабытпен қарсы алып отыр. Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мен «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары аясында 15 елді мекенді ауызсумен және бес елді мекенді табиғи газбен жабдықтау жұмыстары табысты іске асырылуда.
Біздің жас та көркем, қадамы нық бас қаламыздың маңызы жыл өткен сайын артып, мәртебесі өсе түсуде. Қай-қайсымыз да Елорданың тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен және қайталанбас қолтаңбасымен мақтанамыз.
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды осы қуанышты мереке күнімен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, бейбітшілік пен молшылық тілеймін!

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close