Basty bet

ТАҒАЙЫНДАУ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 720 Жарлығымен БАБЫРХАН БЕКБОЛАТҰЛЫ АБУЕВ Жуалы аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.
БАБЫРХАН БЕКБОЛАТҰЛЫ АБУЕВ

1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласы Абай аудандық сотының хатшы-машинисі қызметінен бастап, әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық сотында жүргізуші, сот приставы, бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, сот кеңсесінің меңгерушісі, Шымкент қаласының Еңбекші және Әл-Фараби аудандық соттары кеңсесінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2013-2017 жылдар аралығында Жамбыл облысы Шу аудандық сотының судьясы, 2017 жылдан осы күнге дейін Мойынқұм аудандық сотының төрағасы лауазымдарын атқарған.
Отбасылы, төрт ұл тәрбиелеп отыр.

Таңдаулы материалдар

Close