Basty bet
Кәмелетке толмағандар – басты назарда
Аудандық пробация қызметінің ювеналды әділет тобының маман-инспекторлары кәмелеттік жасқа толмағандардың тарапынан жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Жаза басқан кәмелетке толмағандар тобына абайсызда жіберген қателіктеріне кешіріммен қарап, олардың арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу пробация қызметінің басты міндеті.
Бұл ретте, Жамбыл облыстық пробация қызметінің басшылық жасау бөлімі қоғамнан оқшауламай-ақ жаза басқандарды тәрбиелеу, дұрыс жолға салу үшін бақылау, тәртіпке бағындыру жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді. ҚАЖД Жуалы ауданы пробация қызметі жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмағандардың арасында өзінің дұрыс жолға түскенін дәлелдеп, жасаған қылмыстары үшін өкінетіндігін білдіргендердің шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуын қолдайды.
Пробация қызметінің инспекторлары алдағы уақытта да кәмелетке толмаған сотталғандарды тәрбиелеу және қоғамдық қылмыс жасамауына бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғыстыра бермек.
Ермұхан Иманбердиев,
аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет капитаны