Basty bet
Шахмат ойынынан 150 жас бақ сынасуда
Жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуымен қатар, 6 шілде – Елорда күніне орай және Балалар жылына арналған жасөспiрiмдер арасында стандартты (классикалық) шахмат бойынша Жамбыл облысының кубогы өтуде.
Айтулы жарысты аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы ұйымдастыруда.
Шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында шахмат ойынын, бұқаралық спортты дамыту және оларды жүйелi түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, жасөспiрiмдер арасында достық қатынасты нығайту. Сонымен қатар өскелең ұрпаққа жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның өмір жолын үлгі етіп, Елорда күнін және Балалар жылын спорт арқылы атап өту.
Спорттық шараға Жамбыл облысы Шахмат федерациясының президенті Әлібек Өтеулиев, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының әдіскері Нұрлан Әуесханов, Жуалы аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының директоры Жандос Баетов және аудандардан келген 150 жас спортшы қатысты.
Алдымен аталған шараның ашылу салтанаты өтіп, онда аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының директоры Жандос Рысбекұлы, Жамбыл облысы Шахмат федерациясының президенті Әлібек Кеулімжанұлы құттықтау сөз сөйлеп, өткізіліп жатқан жарыстың маңыздылығына тоқталып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, жарыс төрешісі Жандос Адибаев жарыс ережесімен таныстырып өтті. Айта кету керек, шахмат жарысы швейцар жүйесі бойынша өтеді. 6 шілде күні басталған жарыс, шілденің 10 жұлдызына дейін жалғаспақ.
Жарыс жеңiмпаздарына дипломдар және медальдар табыс етілді.
Болат ЖАҢАБАЕВ,
аудандық бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығының әдіскері