Basty bet
ЖЖЕ талаптарын сақтамаған азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды
Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 610-б. 1-б. (Көлiк құралдарын бүлінуіне алып келген, жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, құқықбұзушы Ж. 2024 жылдың 11 қаңтарында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 588-ші шақырымында Тараз қаласы бағытында келе жатып, жәбірленуші К. автокөлігінің артқы жағына соқтығысып, оған материалдық залал келтірген.
Атап өткен жөн, құқықбұзушы 2022-2023 жылдары аралығында 43 рет автокөлік басқарып ЖЖЕ (жол жүрісінің ережелерін) бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, ол қателіктерінен сабақ алмай, заң талаптарын сақтамай қайталап жасап отырған.
Cот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін көрсетіп, соттан қатаң жазаламауды сұрады
Сот қаулысымен Ж. ӘҚБтК-нің 610-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы және жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру түріндегі әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шарасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген.
Нұржан МАНАСҰЛЫ,
«Жаңа өмір»