Basty bet

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 52-бабында мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруы, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жол бермеуі тиіс екендігі атап көрсетілген.
Сонымен бірге ол басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс.
Егер мемлекеттік қызметшіде дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқықбұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға және (немесе) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу ақпарат беруге тиіс.
Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабар беруге міндетті.
Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштерді жолдау арқылы шаралар қабылдауға міндетті.
Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшінің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын қудалаудан қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Мемлекеттік қызметшілер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуі тиіс.
Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айып тағылған кезде ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауы тиіс.

Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Таңдаулы материалдар

Close