Basty bet

Жылы жүрек – жомарт жан

Жомарттық – адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Жомарт болу әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Шынайы жомарт адам біреуге бір нәрсе берсе немесе жәрдем көрсетсе жаны рақат табады.
Жомарттық жақсылыққа жетелейді. Жомарт жандарды әрдайым үлгі етеміз. Осы орайда Жамбыл облысында «Ұлттық рухани жаңғыру» бағыты аясында осы өңірден шығып, бүгінде түрлі салада жетістікке жеткен танымал түлектерді жастарға таныту және үлгі ету мақсатында «Жомарт түлек» жобасы қолға алынған еді.
Басты мақсат – елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, танымал тұлғалардың туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отырып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру.
Бұл жоба бастау алғалы бері бірнеше ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Жоба барысында туған жерімізден түлеп ұшқан «Жомарт түлектеріміз» өздері білім алған мектептеріне және туған ауылдарына бірнеше игі жақсылықтар жасады.
«Жомар түлек» жобасы биылғы жылы да өз жалғасын тапты. Жуалы аудандық білім бөлімі жоба аясында білім ошақтарымен тікелей жұмыс жасауда.
Осы орайда, 17 қаңтар күні аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына «Рухани жаңғыру» бағыты бойынша «Жомарт түлек» жобасы аясында «Жомарттық жақсылыққа жетелейді» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Жібек Башаева 2022 жылы іске асырылған жобалар мен 2023 жылы жоспарланып отырған жобалармен таныстырды.
Семинар барысында №23 Алатау, №29 М.Жұмабаев атындағы орта мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Бүгінгі түлек – ертеңгі тірек» және «Жылы жүрек – жомарт жан» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Жібек ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ,
аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері

Таңдаулы материалдар

Close