Basty bet
ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
🔰Ағымдағы жылдың 21 тамызында «Анаға тағзым» ОҚО «Әлеуметтік қолдаудың заманауи алгоритмдері және кейс-менеджмент технологиясы негізінде отбасымен жұмыс істеу» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
🔷ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі және ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаидың арнайы қатысуымен өткен жиында «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының директоры, ҚХА жанындағы облыстық Аналар кеңесінің төрағасы – Мырза-Ғали Эльмира Иниятқызы модераторлық етті.
Конференцияның негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетудің тиімді тетіктерін қарастыру, әлеуметтік салада заманауи тәсілдер мен кейс-менеджмент технологиясын енгізу арқылы қызмет көрсету сапасын арттыру болатын.
🔷21-22 тамыз күндеріне жоспарланған жиынның алғашқы күні пленарлық мәжіліспен ашылды. Жиынды Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Есмағамбетова Айжан Серікбайқызы ашып, отбасы институтын нығайту мен әлеуметтік қолдау жүйесін дамытудағы өңірлік бастамаларға тоқталды.
🔷Сондай-ақ, конференцияда сөз сөйлеген ҚХА Республикалық аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Ыдырысқызы отбасы қолдау орталықтарының қоғамдағы рөлін ашып айтып, өңірлік деңгейде әлеуметтік сүйемелдеудің жаңа тетіктерін енгізудің маңызын атап өтті.
🔷Әлеуметтік қолдаудың заманауи алгоритмдерін арқау еткен отырыста отбасын әлеуметтік сүйемелдеу және қолдау орталықтарының жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі, психологиялық қолдаудың рөлі, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері, мектептегі әлеуметтік педагог жұмысының өзектілігі сынды бірқатар мәселелер қарастырылып, арнайы мамандардың пікірлері тыңдалды.