Basty bet

Қай мемлекеттік қызметтерді ЭЦҚ-сыз онлайн алуға болады?

Қазақстанда 637 мемлекеттік қызметті онлайн алуға болады, көбі оларды алу үшін ЭЦҚ міндетті түрде қажет деп ойлайды. Бірақ ЭЦҚ-сыз алуға болатын сұранысқа ие қызмет түрлері де бар.
Атап айтқанда, 138 танымал қызметті SMS-құпиясөз арқылы алуға болады. SMS-құпиясөздің көмегімен сіз жылжымайтын мүліктің техпаспортын немесе оның телнұсқасын алуға өтінім беру, уақытша тіркеуге тұру, аты-жөнін өзгерту, жұмыссыз ретінде тіркелу, жер телімдерінің мемлекеттік актісі секілді танымал қызметтер мен анықтамаларды ала аласыз.
Сондай-ақ, мүгедектік пен әлеуметтік жәрдемақыларды да осылай рәсімдеуге болады. Бір реттік пароль арқылы қолжетімді мемлекеттік қызметтер тізімі үнемі толықтырылып отырады. Толық тізімді egov.kz порталында көруге болады.
Жуалы аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close