Basty bet
Сайлау – саяси жүйені жаңарту процесінің бастауы
Сайлау жүйесі – бұл саяси билікті заңды түрде қалыптастыруды қамтамасыз ететін ереже. Мемлекет жаңаруын Президент сайлануымен алып қарар болсақ, Президент сайлау арқылы өз мандатымен таққа отырады, сайлауға мемлекеттегі азаматтар ат салысады. Бұл барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтаудың, қалыптастырудың, іске асырудың тетіктерін жетілдіру. Жеке адамның жан-жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастықтың процестерін жүргізу.
Мемлекет басшысының кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы шешіміне ауданымыздың, ауылымыздың белді азаматтары да қолдау білдіруде. Олардың пікірінше, бұл саяси жағдай халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Алдағы уақыттағы өзгерістер мемлекеттің дамуына қомақты үлес қоспақ. Сайлауда әркімнің даусы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ықпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаған таңдауы арқылы айқындалады.
Сайлауға қатысу – азаматтық парыз және әрбір қазақстандық үшін үлкен жауапкершілік. Осы орайда, С.Сейфуллин атындағы орта мектептегі №205 сайлау учаскесінде сайлауалды дайындық жұмыстары басталып кеткен.
Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат немесе саяси партия елдің болашақтағы дамуын айқындайды. Сайлаудың маңыздылығы және сайлаудағы әрбір дауыстың маңыздылығы да, міне, осында. Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Кімді сайлау керектігін айқындау үшін саяси сауатты болуы керек, айналамызда болып жатқан оқиғалардан, саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің іс-әрекеттерінен, көзқарастарынан хабардар болу керек.
Азаматтар сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасау арқылы еліміздің саяси жаңғыруына, жаңа демократиялық модельге көшуіне қолдау білдіретіні анық. Сол себептен, барлық мемлекетіміз бойынша сайлауға қатысуға құқылы азаматтарды дұрыс таңдау жасауға, саяси жүйенің жаңару процессін таңдау жасап тұрған сәттен басталуынан сенім білдіруге шақырамыз.
Мұхамеджан АРТАЕВ,
С.Сейфуллин атындағы орта
мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары