Basty bet

Көлік құралдарын онлайн тіркеу

Қызметті онлайн алу
1. Порталда авторизациядан өтіп “Онлайн сұратым” батырмасын басыңыз.
2. Сатылатын көлік құралын таңдап, сұрау салуды толтырыңыз. Сұрау салуда көлік құралын сатып алушының ЖСН көрсету қажет.
3. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұрау салуға қол қою.
4. Сатып алушыдан растау алу.
5. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
6. Егер сұрау салу оң нәтиже берсе, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөліміне хабарласыңыз. Өзіңізбен бірге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің түпнұсқалары, көлік құралын тіркеу туралы куәлік, көлік құралын тіркеуден шығару актісі болуы қажет.
Көлікті қайта тіркеуге растайтын сұрау салу:
1. Порталда авторизациядан өтіп және жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өту.
2. Келісуді қажет ететін сұрау салумен танысыңыз.
3. Сұрау салуды толтырып, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімін таңдаңыз.
4. Төлеуге:
• Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін шығаруға мемлекеттік баж салығы;
• Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті дайындау үшін мемлекеттік баж салығы;
• Тіркеу жарнасы қажет.

Жуалы аудандық халыққа
қызмет көрсету бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close