Basty bet
Судағы қауіпсіздік бойынша рейдтік іс-шара
2022 жылдың 13-14 тамыз күндері аралығында Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері және волонтерлермен бірлесіп, аудан аумағында шомылуға тыйым салынған орындарында рейдтік іс-шараларын жүргізді. Рейдтік іс-шаралары кезінде 50-ге жуық демалушыларға 100-ден аса судағы қауіпсіздік және табиғатта отты пайдалану ережелері туралы жаднамалары таратылды. Сонымен қатар рейдтік іс-шара жүргізу барысында Теріс өзенінің бойында шомылуға белгіленбеген орындарда азаматтардың от жағу фактілері анықталып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін «Ескерту» түрінде әкімшілік істері қозғалды.
Төтенше жағдайлар бөлімімен мұндай рейдтік іс-шаралар шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасатын болады.
Құрметті! Ауданымыздың тұрғындары мен қонақтары – тыйым салынған жерлерде шомылу сіздің және сіздің жақындарыңыздың өмірлеріне қауіпті екендігін еске саламыз.
Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі