Basty bet

Жуалы ауданында өткен республикалық референдумға аудан тұрғындары белсенді қатысуда. Солардың бірі – аудандық мәслихат депутаты Нұрила Малибекова. Ол бүгінгі маңызды саяси науқанда отбасымен бірге келіп, өз таңдауын жасады.

 

Депутаттың айтуынша, бүгін олардың отбасында қос мереке қатар келіп отыр.

 

– Бүгін біздің отбасымызда қос мереке. Кенже қызымыздың туған күні мен республикалық референдум күні тұспа-тұс келді. Біз отбасымызбен бірге келіп, өз таңдауымызды жасадық. Әрбір азаматтың дауысы ел болашағы үшін маңызды деп есептеймін, – деді Нұрила Малибекова.

 

Осылайша, аудан тұрғындары ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді түрде қатысып, өз азаматтық борыштарын орындауда.

Таңдаулы материалдар

Close