Basty bet

Шу ауданында ерекше балалардың қатысуымен мерекелік концерт өтті

Шу ауданында Республика күніне орай «Жүректен жүрекке – бір шаңырақ астында!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

28 қазанда өткен шараның басты мақсаты – ерекше балаларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық қабілетін таныту және қоғамда мейірімділік, қамқорлық пен тең мүмкіндік құндылықтарын дәріптеу.

Мерекелік бағдарлама барысында ерекше балалар сахнаға шығып, өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды. Ән мен би арқылы көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өнерге деген құштарлықтарын көрсетті.

Шарада Отанға деген сүйіспеншілік, ел бірлігі мен татулық, өзара құрмет пен жанашырлықтың маңызы кеңінен насихатталды. Қатысушыларға ізгі тілектер айтылып, балалардың әрбір талпынысы мен жетістігіне қолдау білдірілді.

Іс-шара ерекше балалардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беріп, әр баланың қабілеті мен талантына құрметпен қараудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Жүректен шыққан жылу жүрекке жетсін!

Таңдаулы материалдар

Close