Basty bet

Жасөспірім баланы қараусыз қалдырмайық!

Күнделікті күйбең тіршілік деп, жасөспірім балаларды қарусыз қалдырған қателік екенін естен шығармайық.
Бала болған соң ойнайды, бірақ та ол әлі жасөспірім бала екенін қашанда жадыңызда ұстаңыз.
Үйде үлкен адамдардың қарауынсыз қалған бала өз билігі өзіне тиген бүлдіршіндердің тентектігінен де білместігінен де орын алатын және болатын тілсіз жауға жол бермей алдын алған абзал, баланың аты бала.
Аулада жиналған шөп, отын тәрізді тал қалдықтары және қосымша құрылыстар сияқты балалар жаққан жалғыз сіріңкенің шиінен үлкен өрттің туындауы мүмкін.
Сондықтан өрт қауіпсіздігі туралы ойын баласына күнделікті түсінік жұмыстарын жүргізіп отыру керек және балаларға отпен ойнауға рұқсат етпеңіздер! Балалардың сіріңкемен, отпен ойнау, рұқсатсыз қолдануы әрқашан бақытсыз жағдайларға душар етері анық.
Қашанда өрт қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, өрттің алдын алайық!

Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close