Basty bet

МемлекеттIк қызмет көрсету қағидалары

Аудандық архивте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша «Ашық есік күні» өтті.

«Ашық есік күніне» аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкері Жарылқасын Жамбыл қатысты.
Сонымен бірге, сұрақтарына жауап іздеген алты ауыл тұрғыны әртүрлі мәселелермен қайырылды. Атап айтқанда, Б.Момышұлы ауылының тұрғыны Шарханбек Қожаназаров әкесінің ҰОС-на қатысқандығын алға тартып, бүгінде жоғалтқан медалінің куәлігін сұрады. Сонымен бірге, жиында ауыл азаматтарына «Архивтік анықтамалар, құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close