Basty bet
Заң мен тәртіп – ел дамуының кепілі
Заң мен тәртіп – кез келген өркениетті қоғамның басты құндылықтарының бірі. Заң азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғап, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Тәртіп сақтау – әр адамның күнделікті өмірдегі жауапкершілігінен басталады. Өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің құқығын құрметтеу, қоғамдық талаптарды орындау – заңды қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.
Қоғамдағы қауіпсіздік пен тыныштық тек мемлекеттік органдардың жұмысына емес, әр азаматтың саналы әрекетіне де байланысты. Заңды бұзбау, тәртіпті сақтау және құқықтық мәдениетті арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Әділетті мемлекет құрудың негізгі жолы – заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Заң алдында барлығы тең болған жағдайда ғана халықтың мемлекетке деген сенімі артады.
Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау – тек талап емес, елдің болашағына қосылған үлес. Тәртіпті қоғам – тұрақты әрі дамыған мемлекеттің кепілі.
Жуалы ауданы
Сот әкімшісі басшысы
Самат Ералиев