Basty bet
ТЖМ шөп дайындау және сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады!
Егін жинау жұмыстары басталғанға дейін барлық қатысушылар өртке қарсы нұсқаулықтан өтеді. Шөп шабу кезінде өрт шыққан жағдайда жану аймағын жырту үшін соқасы бар тракторды пайдалану ұсынылады.
Өрт сөндіру құралдары – бейімделген бір жабдық немесе кемінде 5 текше метр тіркемелі контейнер, өрт сөндіргіштер, күректер, шатырлақтар. Ірі жемшөптің маялары электр беру желілеріне дейін кемінде 15 м, жолдарға дейін кемінде 20 м және ғимараттар мен құрылыстарға дейін кемінде 50 м қашықтықта орналасады.
Ірі жемшөптің маяларын сарайлар мен басқа да шаруашылық құрылыстардың шатырларында жинауға жол берілмейді!
Жуалы ауданының ТЖБ және №7 ӨСБ