Basty bet

Ұлттық қор мен көлік дәліздері – ел дамуының стратегиялық тірегі

Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуы, экономикалық тұрақтылығы мен халықаралық аренадағы әлеуетін арттыру – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған негізгі басымдықтардың бірі. Президенттің Ұлттық қордың маңыздылығы мен жаңа көлік дәліздерін дамытуға қатысты ұстанымы елдің болашағына бағытталған стратегиялық саясаттың маңызын айқындайды.

Ұлттық қор – келер ұрпаққа қалатын құндылық

«Ұлттық қордың ең басты мақсаты, миссиясы – ел байлығын ұқыпты ұстау және одан әрі арттыру, сондай-ақ оны қазіргі және келешек ұрпақтың игілігіне жарату», – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шын мәнінде, Ұлттық қор – мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды тетік қана емес, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің көрінісі. Оның басты міндеті – табиғи ресурстардан түсетін табысты тиімді басқару, ел игілігіне жарату және келешек буынның мүддесі үшін сақтау.

Бұл ретте қаржылық тәртіпті сақтау, қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету айрықша мәнге ие. Ұлттық қорды ұтымды басқару еліміздің экономикалық қауіпсіздігін нығайтып, жаһандық қаржылық тұрақсыздық жағдайында орнықты дамуына мүмкіндік береді.

Демек, Ұлттық қордың әлеуетін арттыру – бүгінгі экономикалық қажеттілікті өтеумен қатар, ертеңгі ұрпақтың жарқын болашағына жасалған маңызды қадам.

Таңдаулы материалдар

Close