Basty bet

ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясын алдын алу, екпе алудың маңыздылығы

Тұмау – бұл ең алдымен жоғарғы тыныс жолдарына, оның ішінде мұрын мен жұтқыншаққа, сондай-ақ бронхтарға, өкпеге сирек әсер ететін қауіпті вирустық инфекция. Ауру бүкіл әлемде кездеседі және халық арасында, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде тез таралады. Солтүстік жарты шарда жыл сайын күзде және қыста тұмау эпидемиясы пайда болады, оның барысында инфекция халықтың шамамен 5-15 %-ына әсер етеді. Әлемдік деңгейде маусымдық тұмауға байланысты тыныс алу ауруынан қайтыс болғандардың жыл сайынғы саны 650 000-ға, оның ішінде ДДҰ Еуропалық аймағында 72 000-ға дейін жетуі мүмкін.
Тұмау дене температурасының күрт жоғарылауы, жөтел, бас ауруы, бұлшықет және буын аурулары, әлсіздік, мұрынның ағуы сияқты белгілердің тез дамуымен сипатталады және 2-ден 7 күнге дейін созылады. Тұмау, әдетте, жеңіл, асқынусыз өтеді және адамдардың көпшілігі ем қабылдамай қалпына келеді. Алайда, тұмау инфекциясы кейде әсіресе қарт адамдар, жүкті әйелдер, жас балалар және белгілі бір денсаулығы бұзылған (оның ішінде созылмалы жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр, қан аурулары, ағзаның зат алмасу процесі бұзылған, иммундық жүйесі әсілсіреген) адамдар арасында қауіпті ауруды тудыруы және өлімге әкелуі мүмкін.
Қазіргі кезеңде иммундау тұмаудың алдын алудың ең тиімді құралы болып табылады. Тұмауға қарсы профилактикалық екпелер ДДҰ ұсынымдарына сәйкес жүргізіледі, оған сәйкес бірінші кезекте тұмауға қарсы, ең алдымен, жұқтыру қаупі жоғары топтағы адамдар мен тұмау инфекциясының салдары ауыр тиетін адамдар арасында иммундау жүргізу қажет. Тұмау маусымы басталғанға дейін вакцинация жасаған дұрыс. Тұмауға қарсы вакцинация науқандары әдетте қазан айында, вакцина қол жетімді болғаннан кейін көп ұзамай жүзеге асырылады. Тұмауға қарсы қорғаныс антиденелері вакциналаудан өткеннен соң 2 аптадан кейін пайда болады.
Алайда, егер тұмау халық арасында тарала берсе, вакциналау ешқашан кеш болмайды. Вакциналау инфекциядан тиімді қорғаныс мүмкіндігін арттырады және тұмаудың ауыр әсерін азайтады.
Тұмау эпидемиясы кезінде пневмококк екпесін салу пневмококк инфекцияларының тиімді алдын-алу, сондай-ақ ауру мен өлім жағдайларын азайту әдісі болып саналады. Ересектерге арналған пневмококкты полисахаридті вакцина жыл бойы және тұмауға қарсы вакцинамен бірге салынуы мүмкін.
Клиникалық зерттеулердің нәтижелері тұмау мен пневмококкқа қарсы бір мезгілде вакциналау қосымша артықшылықтар беретінін көрсетеді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – пневмонияға байланысты ауруханаға жатқызу қаупін төмендетуде иммундау тиімділігінің едәуір артуы. Сондай-ақ созылмалы өкпе аурулары бар қарт адамдар арасында өлім қаупін төмендету болып табылады.
Вакцинаның көмегімен өзіңізді тұмау мен пневмококк инфекциясынан қорға!

Динара Даниярова.
аудандық орталық
аурухананың
профилактика және
әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
бөлімінің меңгерушісі

Таңдаулы материалдар

Close