Basty bet

Оқушылардың белсенділігімен

№29 орта мектебінде «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оқу белсенділігінің мәні ерекше. Белсенділік – деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында оқушылар бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу, сабаққа белсенділігін дамыту мақсатында көпбалалы аз қамтылған отбасы балаларымен жұмысты «Ұлан» болашақ ұйымының президенті 10 сынып оқушысы Ризат Жаңабай көмекшісі 10 сынып оқушысы Ұлжалғас Сұраншы сыныптар арасында бәсекелестікті оятып, оқушыларды шабыттандырды.
1-ші тоқсанда құрастырылған кесте бойынша 8-10 сыныптар арасынан алға шыққан үш сыныптан көпбалалы, аз қамтылған отбасының үш оқушысы мектептің тұрақты демеушілерімен алынған буфер, құлаққап, смартсағат сияқты бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мектептің әлеуметтік педагогы Мухаббат Қойбақова демеушілермен ұдайы тығыз байлынаста жұмыс жасаудың нәтижесінде, оқушылар ұстаздарының сенімдерін ақтайтын болғандықтан, «Жуалы» көпшілік мешіт қызметкерлері және ата-аналар, мектепті бітіріп кеткен түлек Еламан Есенкелдіұлы мектеп оқушыларына демеушілік жасауды ұдайы жалғастырып келеді.
Мейірімді, қайырымды, риясыз жақсылық жасаған жомарт жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз!

Ақбота САУРАНБЕКОВА,
әлеуметтік талдаушы

Таңдаулы материалдар

Close