Basty bet
Цифрлық технологиялар әлеміне алғашқы қадамыңды жаса!
Zhambyl Hub алаңында бағдарламалау, жасанды интеллект және заманауи цифрлық шешімдерді әзірлеуге бағытталған практикалық воркшоптар сериясы өтті.
Қатысушылар үш негізгі бағыт бойынша білімдерін жетілдірді: Prompt Magic: Vibecoding воркшопында промпт жазу негіздерімен танысып, кодты нөлден бастап құрастыруды үйренді. «Визуалды және логикалық» бөлімінде жасанды интеллект көмегімен дизайн әзірлеу және интерактивті прототиптер жасау дағдыларын меңгерді. Ал «Соңғы басқышы: Деректер» воркшопында деректер мен пайдаланушыларды сақтау, сондай-ақ дайын жобаны өндіріске енгізу жолдарын қарастырды.
Воркшоптардың басты мақсаты — қатысушылардың практикалық дағдыларын дамыту, заманауи технологияларды тиімді пайдалануға үйрету және өз идеяларын нақты цифрлық жобаларға айналдыруға мүмкіндік беру.
Іс-шаралар Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.