Basty bet
Мемлекеттік қызметшінің ұстанымы – әдептілік
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасқаннан бері мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар, олардың әдептілігі маңызды. Себебі, әдептілік мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі. Мемлекеттік басқаруды жаңаша ұйымдастыру – Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы басты фактор.
Осыған байланысты қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттырып, халықпен кері байланыста болуды жақсарту, адамға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру бағытында ағымдағы жылдың 22 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің №814 Жарлығына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.
Бұл Кодекс қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Сонымен қатар, жаңа Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары бекітіліп, оны насихаттау мен бұзушылықтардың профилактикасында Әдеп жөніндегі кеңестің және Әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлінің маңыздылығы артқан.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына баға беретін халық. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші, ең әуелі халыққа қызмет ететінін естен шығармай, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығын, әділдігін қамтамасыз етуге, қызмет барысында әдептілік нормаларын қатаң сақтауды, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан сынға ұшырамауды, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеу керектігін назардан шығармауы тиіс.
Ермұхамед Сүгірбеков,
Қызыларық ауылдық
округінің әкімі