12 тамыз – Халықаралық жастар күні «Жастар ресурстық орталығының» және аудандық Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының бірлесе ұйымдастырумен «Отбасым – бақыт мекенім!» атты толағай отбасылық сайысы өтті.
Шараның мақсаты – «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру барысында отбасылық құндылықтарды арттыруға, әрбір жанұяның спорт арқылы өзара татулық, бірліктерін арттыру, саламатты өмір салтын ұстануға, елдік патриотизмге тәрбиелеуге үлес қосу бұқаралық спортты насихаттау.
Спорттық шараны аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов және «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Мейіржан Телеушов ашып, жарысқа келген 9 отбасынан құралған топ мүшелеріне сәттілік тіледі.
Шарада Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының әдіскері Болат Жаңабаев, Б.Момышұлы ауылының спорт нұсқаушысы Қанат Орманов, Нұрлыкент ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Мейірімхан Сырымов, «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары Алмас Жолдасов төрелік етті.
Спорттық шараға келген отбасылар «Қашпа доп», «Қаппен секіру», «Арқан тарту», «Секірмек», «Дартс» ойындарынан бақ сынасты.
Шараны қорытындылай келе, төрешілердің шешімімен, І орынды Ақсай ауылдық округінен Кертаевтар отбасы иеленсе, ІІ орынды Қарасаз ауылдық округінен келген Құлназаровтар отбасы алды. Сонымен бірге, ІІІ орын Б.Момышұлы ауылынан Қошаевтар отбасына бұйырды.
Тартысқа толы өткен жарыс соңында аудандық мәслихат депутаты Қалды Байрамов және «Жастар ресурстық орталығының» директоры Мейіржан Бегасылұлы барлық қатысушыларға алғыстарын айтып, жүлделі орын иелеріне арнайы Дипломдар мен ынталандыру сыйлықтарын табыстады.
Эльмира СҮЙІНБАЕВА,
аудандық «Жастар ресурстық орталығының»
этно мәдени бірлестіктер жұмысын үйлестіруші инспекторы