Basty bet

Кәсіби этика Кодекс талаптарын сақтамағаны үшін…

(Заңгер заңды елемейді)

Жуалы аудандық соты заң палатасы консультанттарының мүшесінен моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық істі қарады.
Сотпен анықталғандай, Жамбыл облысы заң консультанттары палатасының мүшесі Т. (ғаламторда (Facebook) желісінде Е.О. никнейммен тіркелген блогер), жәбірленуші Ш.-ның көлігінің қозғалысын шектеп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Жуалы аудандық сотының қаулысымен ӘҚБжК 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Нәтижесінде аталған блогерге 78 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.
Аталған әкімшілік істің негізінде жәбірленуші Ш. сотқа талап қою арызымен жүгініп, жауапкер Т.-дан 500 мың теңге көлемінде моральдық зиян сомасын, өкілдің қызметі үшін 275 мың теңге өндіруді сұраған.
Сот отырысында талап қоюшының өкілі соттан қызметтік этика мен мінез-құлық ережелерін өрескел бұзғаны үшін Т.-ны тәртіптік жазаға тарту үшін заң консультанттары палатасына жекеше ұйғарым жолдауды сұрады.
Соттың шешімімен, Ш.-ның талап қою арызы ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден 50 мың теңге моральдық зиян, өкілдің қызметі үшін 275 мың теңге және мемлекеттік баж өндірілді.
Сондай-ақ, заңгердің қызметтік этикасын және мінез-құлық ержелерін өрескел бұзғаны үшін жауапкер Т.-ға қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы жекеше ұйғарым шығарылды.
Заң консультанттары палатасының жауабына сайкес, Т.-ға «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
Сот шешімі мен жекеше ұйғарымы заңды күшіне енген.

Лаура Мұсабекова,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close