Basty bet
Өшпенділік тіліне мониторинг жүргізу және алдын алу туралы
Кез келген қоғамда түрлі қақтығыс, жанжал, дау болып тұрады. Олардың кейбірінің қандай да бір деңгейде этномәдени астары бар. Дейтұрғанмен, тұрғындар этникалық белгілеріне қарай ұйымдасып, топқа бөлініп, өзара қақтығысқан даулар сирек кездеседі, яғни екі түрлі этникалық топ арасындағы дау олардың қай ұлтқа жататынына байланысты емес, басқа да тұрмыстық себептерден туындауы мүмкін.
Көп жағдайда біз әртүрлі әлеуметтік коллизиямен бетпе-бет келеміз. Адамзат қарым-қатынасы тұрғысынан қарағанда, коллизия – қарама-қайшы күштердің, көзқарастардың, мүдделердің қақтығысы. Қақтығысқа қатысқан адамдар мен сырттан бақылағандар бірден этникалық астарына мән беруі мүмкін. Осыдан келіп «этникалық», «жартылай этникалық» немесе «бір бөлігі этникалық дау» деген пайымдар айтылады. Қарапайым мысал келтірейік. Мәселен, көрші елдерден келген еңбек мигранттары қосымша әртүрлі қиындыққа тап болады. Олардың тұратын жері, тұрғын үйді жалға беру нарығындағы қарым-қатынастар «этносаралық» болып талқыланады немесе көп адам өзге елдерде болып жатқан оқиғалар.
Осылайша, әңгіменің желісін этникалық арнаға бұру кез келген этникалық қауымдастық туралы, тіпті шыққан тегі бөлек әртүрлі қауымдастықтан тұратын топтар туралы (мысалы, кавказдықтар) негізсіз немесе толықтай негізі жоқ пікір қалыптасуына алып келеді. Одан бөлек, стереотиптеу үрдісі бірнеше ұрпақ бойы жалғасып жатыр. Сондықтан да жағымды болсын, жағымсыз болсын, кез келген этникалық стереотиптер халық санасына сіңіп, жалпы қалыпты түсініктердің бір бөлігіне айналып кеткен. Алайда кез келген негізсіз, жалпылама айтылған сөз тәжірибе жүзінде жалған қорытынды жасауға алып келеді, пікір нысаны болып отырған адамдардың намысына тиеді. Мұның барлығы жинала кележанжал тудырады немесе даудың тұтануына себеп болады.
Негізінен, этникалық топтарға қарата айтылған жағымсыз жалпылама пікірлерді біз өшпенділік тіліне жатқызамыз. Өшпенділік тілі әртүрлі болуы мүмкін. Мәтінде қан дай да бір топқа деген өшпенділік анық көрініп тұруы да, «қырып-жойып тастайық» деген үндеу болуы да мүмкін. Кейде қарапайым әзіл-қалжың түрінде кездеседі, бірақ автор кімге арнаса да, ол адамның намысына тиіп, қорлауы мүмкін екенін естен шығармаған жөн. Әрине, бұл екі мысалдың арасында басқа да толып жатқан формалар бар.
Халықаралық құқықта басқа адамдардың бойында өшпен ділік сезімін тудыратын басқа да әрекеттер жасауға болмайды делінген. Мұндай әрекет заң тілінде «араздықты қоздыру» (incitement to hatred) деп аталады. Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерде де бұл туралы айтылған Дегенмен де басқа этникалық топ туралы пікірді әртүрлі тәсілмен айтуға болады. Ол айтқан адамның нақты бір топқа деген өшпенділігін, жиіркенішін, сыйламайтынын немесе басқа да сезімдерін білдіргенімен, «араздықты не алауыздықты қоздырды» деп айтуға келмеуі мүмкін. Міне, осындай ой-пікір, көзқарастың барлығын өшпенділік тіліне жатқызуға болады.
Өшпенділік тілін әр адам әртүрлі жағдайда қолданады. Негізгі мысалдарды ортаға салайық.
Мониторинг жасауға ең қолжетімді ресурс – ашық ресми құжаттар мен ресми тұлғалардың көпшілік алдында айтқан сөздері. Себебі, салыстырмалы түрде алғанда олар көп емес және қай жерде жарияланатынын алдын ала білуге болады. Демек, қажет кезде мәтіннің толық нұсқасымен танысып шығу қиын емес. Екінші жағынан қарағанда, ресми тұлғалар мен ресми құжаттарды құрастырушылар күнделікті қалыпты жағдайда өшпенділікке жол бермейді.
Өшпенділік тілі БАҚ-та да кездеседі. Мұнда мемлекеттік қызметшілердің ортасымен салыстырғанда өзін-өзі бақылау мен ішкі бақылау (бұл жағдайда редакциялық) әлсіздеу, сондықтан өшпенділік тілінің пайда болу ықтималдығы жоғары. Сонымен қатар кейде БАҚ-та өшпенділік тілі журналистер емес, материал кейіпкерлерінің (сұхбат берген адамдарды қосқанда) аузынан шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда журналистің оқиғаға көзқарасы, жалпы қарым-қатынасы маңызды. БАҚ-тың азаматтарға ықпалы зор.
Дегенмен де әр басылымды талдағанда мониторингтің қай түрін қолданған дұрыс болатынын анықтау үшін әр жағдайды жеке-жеке сараптаған жөн. Ешқандай мониторинг қызметі техникалық тұрғыда БАҚ-қа тұтастай мониторинг жүргізе алмайды.
Ескертетін жайт, біз қолмен жасалатын немесе жартылай автоматтандырылған мониторинг туралы айтып отырмыз, яғни кілт сөздер мен сөз тіркестері арқылы іріктеу ғана емес, әр материалды жеке-жеке оқып немесе тыңдап шығып саралап, жан-жақты сараптау. Сөздер бойынша іріктеу мәтінді оқып шыққандай нәтиже бермейді, демек, оның орнын ешқашан баса алмайды. Себебі тіл деген өте құбылмалы келеді, яғни, бір жағынан, нақты бір сөздер, сөз тіркестері, сөз құрылымына қарап, өшпенділік тілі қатарына жатқыза алмаймыз. Ол ащы кекесін мағынасында немесе басқа мәтіннен алынған орынсыз үзінді болуы мүмкін. Ал, екінші жағынан, төзімсіздікті (интолерантность) көптеген жолмен көрсетуге болады, оның барлығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әрине, сөздер мен сөз тіркестері бойынша алдын ала іріктеу әдісін қолдануға болады. Мұндай әдіс толыққанды нәтиже бермейтінін және алдын ала мониторинг жасағанда ғана қолдануға жарайтынын түсіну керек.
Барлық БАҚ-тағы материалдарды түгел оқып шығу міндетті емес. Мәтіндерді рандом жолымен немесе ішінара таңдалатын тәсілмен іріктеп алып, оқып шығу әдісін қолдануға болады. Өшпенділік тілін зерттеуде маңызды болуы ықтимал мәтіндердің қандай да бір топтары қамтылмай, назардан тыс қалып кетпеуі үшін іріктеу алгоритмін жақсылап ойластыру керек. Мәселен, қоғам, саясат бөлімдерінде шыққан мақалалармен ғана шектелген дұрыс емес. Мысалы, спорт бөлімінде өшпенділік тілінің мысалы көп болуы мүмкін әрі бұл бөлімде саясат бөлімінде кездесетін өшпенділік тіліне мүлде ұқсамайтын, басқа мағынадағы мысалдар болуы әбден мүмкін.
БАҚ-қа қатысты мысалдардың барлығын дерлік әлеуметтік желідегі мониторингте қолдануға болады. Әлеуметтік желілерде деректер көлемі ауқымдырақ әрі онда ішкі және сыртқы бақылау деңгейі әлдеқайда төмен. Инфлюенсерлер мен танымал пабликтердің бірнешеуін іріктеп алғанмен, ондағы барлық жазбаны (посттарды), әсіресе жазбаға қалдырылған пікірдің барлығын (комментарийлерді) мұқият оқып шығу өте қиын, тіпті мүмкін емес. Сондықтан да іріктеу, таңдау әдісін қолданған абзал.
(ҚР мемлекеттік қызметшілеріне арналған әдістемелік нұсқаулықтан)