Basty bet

Еңбек адамына ерекше құрмет

Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің «КӘСІПday» жобасының таныстырылымы өтті.

Рәсімге облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қызметкерлері, кәсіпкерлер, қарапайым еңбек адамдары, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің  өкілдері, студенттер қатысты.

Жобаның басты мақсаты – адал еңбегі арқылы жетістікке жеткен түрлі сала мамандарын қоғамға кеңінен таныстыру, еңбек адамының жағымды имиджін қалыптастыру. Сонымен қатар жастардың кәсіпкерлік бейімділігі бойынша «әлеуметтік сатыларын» нығайтып, олардың бойында нақты дағдыларды дамытуға, заманауи технологиялар арқылы медиалық қабілет деңгейін арттыруға көңіл бөлінді.

Жиынды «Қоғамдық келісім» мекемесінің  басшысы Мүбарак Жинақбаева мен Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, өңірлік ҚХА төрағасының орынбасары Асқарбек Сейлханов ашып, сөз сөйледі. Мұнан соң «КӘСІПday» жобасы туралы бейнематериал көпшілік назарына ұсынылды.

Келесі кезекте  облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы өнеркәсіп бөлімінің басшысы Талғат Шалдарбеков аймақтағы кәсіпкерлік саласының жетістіктері туралы баяндап, өзінің тәжірибелерімен бөлісті.

Мұнан соң «Таразкожобувь» ЖШС директорының орынбасары Шамухтар Шаюнусов, «Сәуле» кондитерлік фабрикасының маркетинг және PR бөлімінің басшысы Екатерина Вескина, «RANO KOMFORT SERVICE» ЖШС директоры Рано Шадыханова және «Avero» матрас фабрикасы басшысының көмекшісі Дулат Маратұлы секілді бірқатар кәсіпкерлер ой-пікірлерін ортаға салып, пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Жиын соңында еңбек адамы Ильяс Ешенқұлов өзінің жүріп өткен жолдары, жасаған жұмысының жеңістері мен жемістері туралы сөз қозғап, жастарды еңбекқорлыққа шақырды. Мекеме басшысы Мубарак Қасымқызы еңбек адамына ерекше құрмет көрсетіп, сый-сыяпат жасады. Ал, кәсіпкерлер аймақтық Ассамблеяның тарихы жазылған кітап алып тарқасты.

 

Назерке ОҢҒАР,

«Қоғамдық келісім» мекемесінің жетекші сарапшысы

Таңдаулы материалдар

Close