Basty bet

Өрттердің себебі – газ

Өрттің пайда болуына көбінесе адамдардың немқұрайдылығы себеп болады. Өздерінің тұрмыстарын бақыламайтын тұрғындар келелі жағдайларға ұрынып жатады. Өртке не себеп бола алады?
Тұрғындардың отпен абайсыз болуы және электр жабдықтарын монтаждау мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзумен қатар тұрғын үй секторындағы өрттердің ең көп тараған себебі – газ. Өшірілмеген, су құйылған немесе ақаулы болғанда газ жібереді, мұны білмей газды қосса, өрттің орын алуы мүмкін. Баллондағы табиғи және сұйытылған газ (әдетте бұл пропан-бутан қоспасы) ауамен қосылғанда жарылғыш қоспаларға айналады. Бөлмеде газдың иісін сезгенде сіріңке, оттық жағуға, электр ажыратқыштарды қосып-өшіруге, бөлмеге ашық отпен немесе темекімен кіруге болмайды – мұның бәрі газдың жарылуына әкеліп соғуы мүмкін. Сұйытылған газдың табиғи газға қарағанда өрт қауіпті қасиеттері жоғары болады. Егер газ жабдығының ашық кранынан газ шығып жатқан болса, оны жауып, бөлмені жақсылап желдетіп барып қана отты жағуға болады. Егер газ жүйелерінің немесе жабдықтарының ақаулығы нәтижесенде газ шығып жатқан болса, оларды қолдануды тоқтатып, тез арада «104» нөміріне газ шаруашылығы қызметіне хабарлау қажет.

Жуалы аудандық ТЖ және ӨС бөлімдері

Таңдаулы материалдар

Close