Basty bet

Жастарға айрықша қолдау білдірді

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет тарапынан жастарға айрықша қолдау көрсетіліп келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жетіп, жастардың инновациялық әлеуетін тиімді қолдана білген мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болатындығының айқын көрінісін байқатты. Елімізде жастардың біліктілігі мен білімін ел дамуы үшін қолдану жұмыстарына баса назар аударып, мемлекет тарапынан өз кәсібін бастаймын деген жастарға 2,5% несие берілетіндігін, сонымен қатар ел жастары 100 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етілетіндігін жеткізді.
Бұл дегеніміз еліміздің дамуы жолында жемісті еңбек етіп, өз еліміздің игілігі жолында пайдалануды көздеген білімді, ойы азат жастарымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Еңбек нарығын дамыту және халықтың, оның ішінде жастардың өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша жүзеге асырылатын шаралар жастарды қолдау ісін ілгерілетіп қана қоймай, алдағы уақытта жастарды қолдау, көтермелеу тұрғысындағы игі қадамдарға кеңінен жол ашатынына сеніміміз мол.
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Бүгінгі күнде еліміздің үштен бір бөлігін құрайтын жастар келешек қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырушысы екені мәлім. Осы орайда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жылдық 2-3 пайыз жеңілдікпен оқу несиелері мен жаңа гранттар жайында және Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды ұсынды. Бұл озық ойлы, бәсекеге қабілетті елдің білімді жастарына жасалып жатқан үлкен қолдаулар мен мүмкіндіктердің бірі. Еліміздің қарыштап дамуы мен гүлденуіне жастардың қосатын үлесі көп екендігін және болашақ – білімді ұрпақтың қолында екенін айқындап көрсетті. Ел сенімін ақтар ұрпақ көп болсын!

Мейіржан ТЕЛЕУШОВ,
аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры

Таңдаулы материалдар

Close