Ádebıet

Өзіңнен алар сабақ көп

Барлауға келіп өмірді,
Дым білмей кеткен жандар көп.
Сүюге келіп өмірді,
Түк термей кеткен жандар көп.

Азансыз сірә, таң атпас,
Қазансыз пешке от жақпас.
Жетпіске келген пендеде,
Даналық болмай жараспас.

Көсемсіп кетсең, бауырым,
Көп түсінбей жазғырар.
Көтере білдің ауырын,
Тағдырдың жүгін азғырар.

Жүздесіп өзіңмен қалғанда,
Ақ пейіл ағар шарап көп.
Өткінші мынау жалғанда,
Өзіңнен алар сабақ көп.

Тұстардың ішінде,
Құрығың ұзын тірлікте.
Жетпісің әлі күшінде,
Шақырып жүрер бірлікке.

Тау қозғалса қозғалмас,
Жаратылған зіл тастан.
Найзағай соқса қозғалмас,
Мінезің сенің – бір дастан.

Ілгері-кейін сөйледім,
Құтты болсын мерекең.
Кигізген тойға көйлегім,
Тілегім осы, Рекем!!!

Таңдаулы материалдар

Close