Basty bet

Таңдау қашанда бар

Бүгінде әлемде болып жатқан саяси жағдайлардың біздің елді айланып өтіп кетпесі анық. Осынау тағдыр шешті жағдайда алдымызда өз таңдауымызды жасап, болашақ Президентімізді анықтап алу мақсаты тұр.
Президенттікке үміткерлер белгілі 21 қазаннан бастап сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары да басталып кетті. Есте болса, 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында республикалық қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар 12 тұлғаны Орталық сайлау комиссиясына үміткер ретінде ұсынған болатын. Бүгінгі таңда соның алтауы президенттікке үміткер ретінде тіркеліп, сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізуде.
Кандидаттардың ешбірі осал емес. Барлығы дерлік саяси сауатты. Мемлекеттік қызметте жан-жақты ысылған. Соның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да бүгінге дейін атқарған жұмысын ел жақсы біледі. Қайсыбір кандидатты жеке алып қарайтын болсақ та, бәрі Президент болуға лайық, дегенмен, жүйріктен жүйрік озар шабысымен» дегендей нағыз мықтыны халық 20 қарашада анықтайтын болады.
Қазір сөз теңдігі мен ой бостандығы бар. Әркімнің өз таңдаған кандидаты, өз таңдауы бар. Сол таңдауды жасарда қателік жіберіп алмай, сайлауға белсене қатысып, өзіміздің азаматтық парызымызды таныту керекпіз. Таңдау қашанда бар.

Сағындық ТОҚБЕРГЕНОВ,
Қарасаз ауылдық округінің ардагерлер
кеңесінің төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close