Basty bet

Жұмысқа шақырамыз!

Жамбыл облысы Полиция департаменті Жуалы ауданы полиция бөлімінің бос лауазымдарын жасақтау және кадрлық резервтерді дайындау мақсатында төмендегі талаптар бойынша үміткерлерді жұмысқа шақырамыз!
Талаптар: жасы 35-тен аспаған, бойы кемінде 170 см., білімі орта (қатардағы құрамының лауазымына (сержант) және (жоғары заңгер қызмет бағытына байланысты басшы құрамының лауазымына (офицер), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болу, денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды).
Тиімділігі: жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру, қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақының артуымен тұрақты және уақтылы жалақы, сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу, ведомстволық емдеу мекемесінде тегін медициналық қызмет көрсету, арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткерген кезінде).
Анықтаманы және керекті мәліметтерді мына мекенжайлардан алуға болады: Б.Момышұлы ауылы, Рысбек батыр көшесі №84, Жуалы ауданы полиция бөлімнің кадр саясаты, Байланыс телефоны: 2-16-13.

Есім Ордабаев,
аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары,
полиция подполковнигі

Таңдаулы материалдар

Close