Basty bet
Саяси жүйенің жаңаруына серпін береді
Сайлау науқаны кезінде қазақстандықтарға саясаттанушылардың, қоғам қайраткерлерінің, заңгерлердің кең ауқымды мәселелер бойынша пікірлері мен көзқарастарын танып-білу маңызды. Президенттік сайлау негізінен қоғамды біріктіріп, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуы керек. Бұл – саяси жүйенің жаңаруына серпін береді.
Халық жағдайының жақсаруы экономиканың дамуына байланысты. Сайлаудан кейін халықтың күтетіні – Президент атап өткен жаңа экономикалық саясаттың жүзеге асырылуы. Шикізатқа тәуелділіктен арылу, жаңа технологияларды енгізу, сырттан инвестицияларды көбірек тарту – бұл негізгі атқарылуы тиіс жұмыстар.
Бұл Президенттің барлық күш-жігері мен әлеуеті дәл бір мерзімге бағытталып, реформалар келесі мерзімге ауыстырылмай, толық көлемде жүзеге асырылуы үшін қажет.
Қазіргі сайлаудың ерекшелігі – алдағы сайлау науқаны кестесінің алдын ала жария етілуінде болып отыр.
Қоғамның бірлігі, мемлекеттің тұрақтылығы, елдің кез келген ішкі және сыртқы мәселелерге дұрыс жауап бере алу қабілеті тек қана теңдестірілген және тұрақты саяси жүйе жағдайында ғана қамтамасыз етілетіні белгілі. Сондықтан, геостратегиялық турбуленттік ушыға түскен кезде алдағы Президент сайлауы біздің елімізді кең көлемді әлеуметтік-экономикалық реформалардың жаңа кезеңі қарсаңында біріктіретін ең маңызды факторға айналуы тиіс.
Нүрилә МӘЛІБЕКОВА,
жеке кәсіпкер